жексенбі, 24 қараша, 2024 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

Кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды
Gettyimages.ru
Атырауда жергілікті блогер кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалап, сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде ілулі тұрған киімнің қалтасынан ақша ұрлаған. Қазір ол қамауға алынды.

Атырауда жергілікті блогер кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалап, сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде ілулі тұрған киімнің қалтасынан ақша ұрлаған. Қазір ол қамауға алынды.  Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталған. «Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 26 жастағы блогерді ұстады. Блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп, ақша берсең әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп, одан 2 млн теңге бопсалаған. Күдікті ақпан айы басталғалы кәсіпкердің иелігіндегі азық-түлік сататын маркеттің қызметін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсірген, тауар салынған сөрелерін ақтарып, шу шығарған. Тегін азық-түлік алу үшін 47 мың теңгені құрайтын тауардың ақысын төлемей кеткен. Блогердің сот ғимаратының қызметтік бөлмесіндегі киім қалтасынан 20 мың теңге ұрлағаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оған қатысты ұрлық және бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар