жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үндістандық саяхатшыдан 77 мың талап еткен такси жүргізуші 15 күнге қамалды

Үндістандық саяхатшыдан 77 мың талап еткен такси жүргізуші 15 күнге қамалды
Фото: freepik
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Алматыда әуежайдан шаһарға жеткізгені үшін үндістандық саяхатшыдан 77 мың талап еткен такси жүргізуші 15 күнге қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.

Үндістандық блогер Комал Махешвари өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда болған жайсыз жағдайға шағымданған болатын.

Оның айтуынша, такси жүргізушісі қалаға 1 мың теңгеге жеткізуге келісіп, кейін сорақы түрде 77 мың теңге талап еткен. Бірақ Үндістаннан келген саяхатшы бұл ақшаны беруге келіспей, 30 мың теңге төлеген.

Алматы полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Үндістаннан келген туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы жігітті ұстады.

- Тексеру барысында азаматтың тиісті құжаттарынсыз жеке тасымалдаумен айналысқандығы, өз қызметін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар