жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

Бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауржан Әленов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бала саудасымен айналысқан күдікті ұсталғанын жазды. 

Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, 25 тамызда әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесетін топ туралы жедел ақпарат түскен.

- 28 тамызда осы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске күдікті 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды полиция бастығы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар