жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өз-өзін пышақтап тастады

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өз-өзін пышақтап тастады
фото: скрин
Оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болған.

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өз-өзін пышақтап тастады. Оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болған. 

Әуелі видео әлеуметтік желіге тарады. Видеодан қарасаңыз, ер адамды полицияның бірнеше қызметкері қоршап, тоқтатпақ болады. Полицейлердің шапан киген ер адамның пышағын қолынан тартып алуға тырысқан сәт бейнеленген. 

Әлеуметтік желі қолданушысы Төртуыл Шоқан оқиға елордадағы Гёте көшесінде орналасқан мешіт алдында болғанын жазады. Оның хабарлауынша, қолына пышақ ұстаған адам «заңсыз сотталғандарды босатыңдар» деп талап қойған.

Астана қаласы полиция департаменті видеодағы 36 жастағы ер адам психикалық диспансерде есепте тұрғанын хабарлайды. 102 нөміріне белгісіз ер адам пышақ ұстап, маңайындағы адамдардың өміріне қауіп төндіргені жөнінде қоңырау келіп түскен. Пышағы тәркіленіп, ер адамның өзі полицияға жеткізілген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар