"Ербаянның жағдайы бақылауда": Әлназарова төрт ай комада жатқан сарбаз туралы пікір білдірді
- авторОймақ
- 2 қыркүйек, 2024
- 261
Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова Алматыда әскери бөлімде 4 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір оның жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша (күтім көрсететін) персонал керек болса, қамтамасыз етеміз", – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.
Еске салайық, Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Ол 4 айға жуық уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, биыл мамырда есін жиған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024