«Samruk- Kazyna» компаниясы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық инвесторға сату бойынша келісімді қыркүйекте аяқтамақ.
Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.
«Samruk- Kazyna» мен SOVICO өкілі арасындағы келісім процесі кесте бойынша жүріп жатыр. Қыркүйекте келісімді жабу жоспарланып отыр»-деді вице-министр.
Бұған дейін Көлік министрі келісім сомасы 2 млрд теңгені құрайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ шетелдік инвесторға ел ішінде және шетелге жолаушы тасымалдау үшін кемі 20 әуе көлігін тіркеу талабы қойылған. Инвестор 20 емес, 50 әуе көлігін тартатынын мәлімдеген.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала