дүйсенбі, 14 қазан, 2024 23:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда душ пен унитазға су ағызғаны үшін айыппұл салына ма – Министрлік жауап берді

Қазақстанда душ пен унитазға су ағызғаны үшін айыппұл салына ма – Министрлік жауап берді
Фото: ашық дереккөзден
Су ресурстары және ирригация министрлігі ауыз суды орынсыз пайдаланған, оның ішінде гигиеналық процедуралар үшін айыппұлдар енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Желіде ауыз суды орынсыз пайдаланғаны үшін айыппұлды көбейтуді ұсынылып жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Оның ішінде душ, ванна және дәретханаға көп су ағызса, 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынады деп жазылған екен.

"Министрлік жариялаған суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдарды көбейту жүйесі туралы нормативтік құқықтық актілерге қатысты жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл суды көп мөлшерде пайдаланатын қызмет және оны өте үнемсіз пайдаланатын кәсіпорындар мен компанияларға қатысты. Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және т.б. салалар", – деді су ресурстары министрлігі.

Айыппұлдар суды тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тұлғаларға қатысты емес деп қосты ведомство.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар