жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен

Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен
скрин видео
Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен

Оқыс оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған.

Lada.kz мәліметінше, 29 шілде күні таңда ешкі тұрған қораға бес қаңғыбас ит кіріп кетіп, 40 бас ешкіні талап кеткен. 

Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова шағымын айтты.

Мен кәсіпкерлер палатасына, облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек бермеді. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Елемеді, - деді ол.

Әйелдің сөзінше, ол ешкі өсіру үшін "Нұр-Капитал" бағдарламасы бойынша несие алған.

Менің өнімім Мұнайлы ауданы тұрғындарын сүт, ірімшік, құрт, кілегей және ешкі сүтімен қамтамасыз етіп келді. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас иттер екі сағатта барлығын қырып кеткен, - деді Нүрпейісова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар