жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Жаттығуға киген киімдері": Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге сыйлық берді

"Жаттығуға киген киімдері": Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге сыйлық берді
Фото: https://www.instagram.com/torealitolepov/
"Жаттығуға киген киімдері": Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге сыйлық берді

Еліміздің олимпиада чемпионы, спортшы Елдос Сметов өнердегі досы Төреғали Төреәліні қуантты. 

Өнер иесі спортшының үйінде қонақта болып, жеңісті күндеріне сәттілік тіледі. 

“Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзімнің тер иісі сіңген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", – деді Сметов. 

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.

"Ұлдарыма жаттығуға киген киімдерін ырымдап беріп жатыр. Болашақта чемпиондардың әкесі болайын. Сіздер әумин деп қойыңыздар", - деп жазды әнші. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлі дзюдошы Елдос Сметовке ат мінгізген еді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар