жұма, 22 қараша, 2024 1:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қос қызын тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

Қос қызын тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Фото: gov.kz
Қарағанды облысында қос қызын тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

ТІРІ ҚАЛҒАН БІР БАЛАСЫ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ӨТКІЗІЛДІ

Бұған дейін 20 жастағы әйелдің адам сенгісіз әрекеті елді есеңгіретіп тастаған еді. Бауыр еті балаларын өлтірген ана бұл қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тірі қалған бір жасқа толар-толмас нәрестесі балалар үйіне өткізілді.

ТАМАҚ СҰРАП, ЖЫЛАҒАНЫ ҮШІН ӨЛТІРГЕН

Әйел азаматтық некеде болған.  Ол Теміртау іргесіндегі Гагарин ауылында тұрған. Қылмыс болатын күні, яғни 4 сәуірде жұмысымен қалаға кеткен. Соттағы түсініктемелеріне қарағанда, келіншек тамақ сұрап жылай берген 2 және 4 жастағы қыздарын тыныштандырғысы келген. Сөйтіп, балаларын төсекке жатқызып, үстіне көрпе жауып, тапжылтпай басып отырыпты. Ол сотта «қыздар жылағанын қойғанда ашсам, өліп қалыпты» деп ақталған. Келіншек сондай-ақ, «байқаусызда болды» деп жазаны жеңілдетуді сұраған. Бірақ оның істегені қасақана кісі өлтіру бабына жатқызылды. Тіпті емізулі баласы бар екені де жазаға еш жеңілдік берген жоқ, - делінген хабарламада.

ҚЫЛМЫСКЕР 20 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы Бекзат Шалғымбаевтың айтуынша, жасөспірім балалары болса, ол қылмыстық жазаны жеңілдететін жағдай. Алайда Жоғарғы соттың тиісті нормативтік қаулысына сәйкес, егер қылмыс өзінің жасөспірім баласына қатысты жасалса, қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайға жатқызылмайды. Ол «байқаусызда өлтірдім» деп отыр. Бірақ оның қасақана өлтіргені жөнінде кінәсі іс материалымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Бұған дейін Алматы облысының Есік қаласында жан түршіктірер кісі өлтіру оқиғасы болған еді. Есіктегі жанармай құю станциясының аумағында көлікте сөзге келіп қалған бір адамның екіншісіне 12 рет пышақ салған. Соның салдарынан 1995 жылы туған адам оқиға орнында көз жұмған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар