Жергілікті «Walla» порталының хабарлауынша, бірнеше жүз адамға арналған бұл бункер Иерусалим қаласының аумағында орналасқан. Оның құрамына тұрғын үйлері бар кеңселер, Қорғаныс министрлігімен байланыс орталығы кіреді және зымыран соққыларынан қорғалған. Соғыс кезінде жоғары шенді басшылар ұзақ уақыт қала алатын жерасты бункері толығымен қайта өңделуде.
Шамамен 20 жыл бұрын салынған бункер қолданыстағы қару-жарақтардың бірқатарына төтеп бере алады. Қорғаныс министрлігінің Тель-Авивтегі штаб-пәтерімен байланыс орнатылған.
«Ұлттық қолбасшылық орталығы» деп те аталатын бункер Израильдің Газадағы соңғы 10 айлық соғысы кезінде пайдаланылмаған. Дегенмен, оны премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі кезінде Израиль Иран мен Хизболланың ықтимал шабуылдарына қарсы дайындап жатыр.
Айта кетейік, Иран 48 сағат ішінде Израильге соққы беруі мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024