"Бәрі әділ, ашық өтті": Саясат Нұрбек неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірді
- авторОймақ
- 6 тамыз, 2024
- 229
Министрдің айтуынша жоғары балл жинап, алайда жоғары оқу орындарына грант ала алмағандар аз грант бөлінген мамандыққа тапсырған.
“90 балдан жоғары жинап, мемлекеттік білім беру гранттарын ұта алмай қалған 10 607 талапкерді мұқият қарастырайық. Бұл абитуренттер қандай мамандыққа тапсырған? Бірінше ең көп адам тапсырған мамандық – Дене шынықтыру пәнінің мұғалім. 3052 адам бұл мамандық бойынша грант ала алмады. Себебі біз бұған биыл 600 ғана грант бөлгенбіз. Тағы бір 941 адам грант ұта алмай қалған мамандық – Сән және дизайн. Биыл бұл салаға 205 грант бөлінген ал тапсырғандар саны 1624 адам. Сурет өнері мен сызу пәніне дайындық мамандығына 120 грант бөлсек, 713 адам өтініш білдірген. Жоғары балл алып грант ұта алмай қалғандардың 70 пайызы мемлекетке сұраныс тудырмайтын мамандыққа тапсырған”, – деді министр.
Министр бәрінің әділ, ашық өткенін алға тартты. кімет отырысындағы сөзінде ол су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5 мыңнан астам грант бөлінгенін жеткізді.
“Су басқан өңірлерден 20 мыңнан астам түлектің жартысынан көбі жалпы конкурс бойынша өтті. Зардап шеккен облыстардан талапкерлер үшін барлығы 5 112 грант бөлінді. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді", – деп баяндады ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.