Neuralink екінші сынақтан өткен пациенттің миына чип орнатты. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлайды.
Мұны Илон Маск америкалық-ресейлік ғалым Лекс Фридманның подкастында айтты. Чип сал ауруына шалдыққан адамдарға сандық құрылғыларды өз ойларының күшімен пайдалануға мүмкіндік беру үшін жасалған.
“Екінші имплантпен бәрі сәтті өтті. Көптеген сигналдар мен электродтар бар. Барлығы тамаша жұмыс істейді", – деді Илон Маск.
Америкалық миллиардер екінші науқасқа қашан операция жасалғанын нақтыламады. Бірақ биыл Neuralink клиникалық сынақтар аясында тағы сегіз пациентке импланттарды орнатуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Маск чиптелген адам ең алдымен ой күшімен тінтуір мен пернетақтаны басқаруды үйренуі керек деген еді. Айта кетейік, Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына алғаш рет чип салғаны туралы жазған едік. Сондай-ақ норвегиялық депутат Илон Маскты Нобель сыйлығына ұсынды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Коннектикут Конгресінің 5 мүшесінің үйіне бомба қойылды деген хабар келген
- авторОймақ
- 30 қараша, 2024