Тимур Құлыбаевқа тиесілі мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
- авторОймақ
- 5 тамыз, 2024
- 263
Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиардтан астам айыппұл салынды.
"Каспий мұнай" АҚ 2021-2022 жылдары кен орнын бұрғылау және пайдалану нәтижесінде пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақтау лимитін алмағаны анықталды.
"Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша, Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілде 2024 жылы шығарған қаулысымен "Каспий нефть" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Прокуратураның хабарлауынша, әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.
KASE мәліметтері бойынша, "Каспий мұнай" АҚ акцияларының 100 пайызы Тимур Құлыбаевтың Joint Resources АҚ-на тиесілі.
Айта кетейік, бұған дейін Құлыбаевтың компаниясына заңсыз берілген ҚазҰУ аумағындағы жер қайтарып алынған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.