Елімізде әскерге шақырылатындардың санын көбейту жоспарланып отыр
- авторОймақ
- 5 тамыз, 2024
- 258
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлер санын 40 180 адамға жеткізбек. Қаулы жобасы "Ашық нормативтік құқықтық актілердің” интернет-порталында жариялады. Ол 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
"2024 жылы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 148 ер азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету керек", – делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін әскери қызметке 39 180 адам шақырылған еді. Негіздемеде олар "Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жинақтау үшін" мерзімді әскери қызметшілер санын көбейтуді көздеп отырғаны айтылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.