Ұлттық қауіпсіздік комитеті құны 2 миллиард теңге болатын есірткіні тәркіледі
- авторОймақ
- 5 тамыз, 2024
- 286
Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
“Тінту барысында 93 келіден астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 келі прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. Тәркіленген есірткінің “қара нарықтағы” бағасы 2 миллирд теңге (4 миллион доллар)”, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатыстты қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комиеті өзге мәліметтер қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.