Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында 36 жастағы Айдос Шаймерденнің денесі табылды. Ол - биыл қаңтардың басында ескі шахта шұңқырына автобуспен құлап кеткен төрт адамның бірі.
Бұл ақпаратты еліміздегі белді интернет ресурсына қайтыс болған құтқарушы Айдос Шаймерденовтың әйелі Нұрсұлу Шаймерден де растады.
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабының Павлодар бойынша филиалы құтқарушысының мәйіті төтенше жағдайдан алты ай өткен соң, 19 шілдеде таңертең табылғанын хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, құтқарушы Айдос Шаймерден табылды. Денемен бірге оның жетоны табылды. Қазір дене медициналық тексеруге жіберілді. Олар оны бүгін, 19 шілдеде сағат 06:15-те өздері болжамдап, іздестіру жұмыстарын жүргізген жерінен тауып, мәйіт тек 13:45-те ғана шығарылды», - деді Павлодар бойынша филиал басшысының орынбасары Ерлан Жаркімбеков.
Еске салайық, биыл 4 қаңтарда Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында автобус шұңқырға құлап кеткен болатын. Автобуста төрт адам болған. Сол күні қаза тапқан екі адам табылып, жер бетіне шығарылды. 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергенов пен 36 жастағы взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі осы уақыт бойы табылмаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.