Әнші қамаудан босап шыққаннан кейін Теміртауға барады.
Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған әнші Нұртас жақын күндері қамаудан босатылатыны белгілі. Өнер иесінің алғашқы концерті де қай қалада өтетіні белгілі болды.
«Вечерняя Караганда» мәліметінше, әнші қамаудан босап шыққаннан кейін Теміртауға барады.
«Қайрат Нұртас бостандыққа шыққаннан кейін Теміртау қаласында өнер көрсетеді. Оны «Кармет» компаниясы Металлургтер күніне арналған гала-концертке шақырды. Іс-шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Кіруі тегін», – делінген хабарламада.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала