сенбі, 9 қараша, 2024 12:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

13 жыл бойы бұрынғы полицейдің қолында құлдықта болған

13 жыл бойы бұрынғы полицейдің қолында құлдықта болған
фото КТК
Любовь пен Никитаның басты арманы кінәлілер жазаланып, баспаналарын қайтару.

Түркістан облысында 13 жыл бойы бұрынғы полиция қызметкерінің қол астында еңбек құлдығында болған анасы мен 16 жастағы ұлы босатылды. Олар ұзақ жылдар бойы тек аш қалмас үшін қиын жұмыстар істеуге мәжбүр болған. Ал ұл осы күнге дейін тіпті мектептің не екенін білмеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сілтеме жасап.

Еуразия бірінші арнасының мәліметінше, 45 жастағы Любовь соңғы 13 жылда ұлымен бірге Шардара қаласында құлдықта болғанын айтады. Әйелдің айтуынша ол басында үй шарушылығын жасайтын қызметкер ретінде жергілікті кәсіпкерге жұмысқа тұруға барған. Ол кезде Любовтың отбасы, күйеуі, тұратын баспанасы болған. Алайда күйеуі баласы туылғанға дейін қаза тапқан. 

Кейін ата-анасы да бақилық болған соң әйел пәтерден айырылып қалған. 

“Үй әжемнің атында еді. Оның қазасынан кейін пәтерді ағамның атына жаздырамыз деп жоспарлағанбыз. Алайда бастығымыз алып, өз атына рәсімдеп, біздің үйді сатып жіберді. Ақшасын өзі алып алды”, – деді Любовь Болдарева.

Баратын баспанасы болмаған соң кәсіпкер әйелге үш жасқа да толмаған ұлымен қол астында қалуды ұсынған. Алайда кейін олар тек тамақ үшін ғана ауыр жұмыстар істеп қажыған. Үш рет қашуға тырысқанымен нәтиже болмапты. 

“Мен бастығыма бізді жібер деп айттым. Ал ол болса “сен кете бер, бірақ Никита маған керек” деді. Сол себепті мен малға қарап, моншаның еденін жуып жұмысымды амалсыз жалғастырып жүрдім”, – деп қосты Любовь.

Әйелдің ұлы Никитаның балалық шағы жұмыс істеу мен бастығынан таяқ жеумен өткен. Тіпті анасы қиналмас үшін оқуға да шамасы болмапты.

“Қаптарды тасып, мал қарадым, олардың арттарын тазалап жинадым. Әртүрлі жұмыстар істедім. Бізді мұнда күштеп ұстап, жұмсады. Ақша төлемеді, тек тамақ берді. Ал егер бірдеңені дұрыс орындамасақ, бізді ұратын. Оның үйіне форма киген адамдар жиі келіп, бізді көретін. Бірақ еш шара қолданбады. Біз он шақты адам болдық. Көбісі ұсталған кезде қашып кетті”, – деді Никита.

Любовь пен Никитаның бұл жағдайы кездесоқ анықталған. Ол кезде жезөкшелікпен айналысқан притонды ұстаған кезде Никита жұмыс істеген карьер де көзге түскен. Қазір бұл отбасы арнайы орталыққа әкелінген. Оларға психологиялық көмек көрсетілуде. Никита ешқашан мектепке бармағандықтан онымен белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

“Дәл қазір ұлдың білім алуын қолға алып жатырмыз. Осы уақытқа дейін ол өз бетімен оқыған. Оның білім алуға ниеті бар, жаймен болсын оқи алады. Айға жетпес уақытта ол көбейту кестесін де үйренді. Армандары көп”, – деді кризистік орталықтың директоры Мәлика Жүсіпова.

Любовь пен Никитаның басты арманы кінәлілер жазаланып, баспаналарын қайтару. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар