сенбі, 7 желтоқсан, 2024 6:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көшпенділер ойынына кететін қаржы көлемі – 5,7 млрд теңге

Көшпенділер ойынына кететін қаржы көлемі – 5,7 млрд теңге
фото ашық дерекөз
Астанаға көшпенділер ойынына 100 мыңға жуық турист келеді

Биыл күзде (8-12 қыркүйек) Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Онда 89 елден келген ойыншылар спорттың 21 түрінен бақ сынайды.

«Ойындардың жалпы операциялық бюджеті - 5,7 млрд теңге. Иә, бұл ауқымды қаржы, бірақ 2011 жылы өткен жетінші қысқы Азия ойындарының бюджеті 20 есе көп болғанын еске салғым келеді. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиаданың бюджеті бес есе көп болды. Аталған сомаға біздің қаржылық серіктестеріміз бен демеушілеріміз қосатын қаражат қосылады. Жалпы алғанда, операциялық бюджет шамамен 8 млрд теңге», - деді V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров.

Сондай-ақ, дирекция басшысы көшпенділер ойындары өтетін спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Астанадағы «Қазанат» ипподромының жүгіруге арналған жолдың ұзындығы 12 метрге, ені 7 метрге кеңейе түсті. Сонымен қатар ипподромда жылқыларды диагностикалау және қалпына келтіру бойынша жаңа зертхана болады. Одан бөлек, «Алау» мұз сарайы жаңарып, көшпенділер ойындарының арқасында жаңа келбетке ие болады. Жарыстан кейін мұз сарайы әдеттегі жұмыс режиміне оралып, конькишілерді қуантады. «Астана-Арена» футбол стадионы да жаңартылып жатыр, яғни ішкі инфрақұрылымы, трибуналар мен футбол алаңы ауыстырылады», - дейді ол.

Айта кетейік, Астанаға көшпенділер ойынына 100 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланған. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы құрылады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар