Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы оқушылар орны тапшылығын шешуге, апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюға бағытталған.
Министрдің айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Биыл 217 мектеп есігін айқара ашады. Оның үстіне 163-і ауылдық жерлерде салынады.
"Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінді: 2023 жылға – 500 миллиард теңге, 2024 жылға – 976,3 миллиард теңге, 2025 жылға – 909,4 миллиард теңге", – деді жиында министр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.