жұма, 22 қараша, 2024 1:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды

Түркістанда 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды
фото: ашық дереккөз
Ал жігіттің жақындары қыз газға уланып қайтыс болды деп отыр.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп жазады Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның денесі сөйлесіп жүрген жігітінің көлігінен табылған. 

Сараптама қорытындысы бойынша, бойжеткен газға уланып қайтыс болған. Алайда марқұмның жақындары бұған сенбейді.

Олар қызымыз "кісі қолынан қаза тапты" деп отыр. Себебі қыздың бет-аузы көгеріп, мұрны сынған.

Жігіт қызды күнделікті жұмысынан алып қайтып, үйіне жеткізіп жүрген. Тіпті той күнін белгілеп қойған екен.

Ол 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да қызды жұмысынан алып, бірден өз үйіндегі көлікжайға (гараж) кірген. Одан кейін не болғаны белгісіз. Ал қыз 20:30 шамасында қайтыс болған.

Ата-анасы қызын іздеп, жігіттің туыстарына бірнеше рет хабарласқан. Алайда олар ұлының үйде ұйықтап жатқанын, қыздың қайда екенін білмейтінін айтқан.

"Біздің ойымызша ол қызымызды зорламақ болған. Өйткені оның денесінде зорлық белгілері бар, денесі көгерген және мұрны сынған", – дейді марқұмның туыстары.

Ал жігіттің жақындары қыз газға уланып қайтыс болды деп отыр.

Түркістан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар