Келеңсіз жағдай ата-аналар бейнебақылау камераларының жазбаларын көргісі келген кезде анықталды. Видеода тәрбиеші балаларға дөрекілік танытып, итеріп, басынан ұрғаны көрсетілген, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қалалық білім беру басқармасы түсініктеме беріп, тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
«1 шілде күні Павлодар қаласындағы №79 балабақшасының ортаңғы топ ата-аналары бейнебақылау камераларын көруге рұқсат сұрап, балабақша жетекшісінің міндетін атқарушыға жүгінді. Бейнежазбалардан тәрбиешінің балаларға дөрекілік көрсеткені көрген. Еңбек заңнамасына сәйкес, осы оқиға бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды», – деп хабарлады қалалық білім беру бөлімі.
Бүгінде материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.
Еске сала кетейік, Павлодардағы балабақшаларда балаларға қатысты мұндай оқиға алғашқысы емес. Маусым айында қаланың №16 балабақшасында осындай шу шыққан. Бейнебақылау камераларының жазбаларында ата-аналар тәрбиешінің екі жасар балалардың басынан ұрғанын көрген. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды қолмен ғана емес, тіпті ыдыспен де ұрған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.