жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бітімгерлер Голан жотасына кетуге әзір

Бітімгерлер Голан жотасына кетуге әзір
https://www.gov.kz/
Қазақстан бітімгерлері Голан жотасына кетуге әзір. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Oimaqnews хабарлайды.

Жуырда Нью-Йорктегі БҰҰ  штаб пәтерінде қазақстандық бітімгерлерді Голан жоталарындағы арнайы бөлінген жерлерді бақылауға SONNR миссиясына қосу бойынша ұйым мен Қазақстан үкіметі арасында түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Голан жоталарына 139 бітімгер аттануға тиіс. Оларға БҰҰ айына 1448 доллар жалақы төлейді.

Миссияны орындау үшін қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның талаптары мен стандарттарына сәйкес мұқият іріктеуден және даярлықтан өтті. Кешенді алты айлық дайындық Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерді оқытуға бітімгерлік операциялар, минадан тазарту және әскери медицина орталықтарының нұсқаушылар құрамы қатысты.

Әскери қызметшілер ағылшын тілін, күш қолдану ережелерін, халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларын оқыды. Бітімгерлік базаны қорғау, тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру, патрульдеу, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, көмек көрсету және эвакуациялау бойынша міндеттер іс жүзінде пысықталды.

Практикалық дағдыларды және контингент штабының офицерлерімен жедел үйлесімділікті арттыру үшін жедел-тактикалық деңгейде әскери шешімдер қабылдау бойынша сабақтар өткізілді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, контингент жеке құрамы жоғары дайындық деңгейін, мықты мотивация көрсеткен.

ҚР Қорғаныс министрлігі миссияны БҰҰ-ның стандарттарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз ету жөнінде ауқымды іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. 

Контингентте жауынгерлік модульдермен жабдықталған брондалған дөңгелекті машиналар, сондай-ақ күнделікті тіршілікке қажетті жабдықтар бар. Оларды қамтамасыз етуге камаздар, жол талғамайтын автомобильдер және инженерлік мүлік бар. Жаралыларды эвакуациялауға берілген машиналардың бірі оттегі аппаратымен, дефибриллятормен, дәрі-дәрмектермен және басқа да медициналық жабдықтармен жабдықталған. 

Миссиядан өту кезінде бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілеріне ай сайынғы жалақысы үш есе төленетін болады. Бұдан өзге, БҰҰ бюджетінен олар ай сайын 1448 доллардан аса қаражат алатын болады. Миссияда қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер шипажайларда емделе алады және негізгі демалысқа жыл сайын қосымша 14 тәулік қосылады.

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар