Оқиға аймақтық Полиция департаментінің ғимаратында болған.
24 маусым күні таңертең БҚО Полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. Дәрігерлер оған ота жасады. Оқыс оқиғаға не себеп болғанын полиция анықтап жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. Оқиға аймақтық Полиция департаментінің ғимаратында болған.
2003 жылы туған полиция қызметкері шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл операция жасалды.
«Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасы.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.