жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Майқайыңда жұмыс тоқтады: мыңнан астам жұмыссыз қала ма?

Майқайыңда жұмыс тоқтады: мыңнан астам жұмыссыз қала ма?
фото: ашық дереккөзден
Бүгіннен бастап "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты.

Бүгіннен бастап "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады. 

Оның басты себебі – қордағы алтын рудасы таусылған. Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ.

"Қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған болатын. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны - 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі", - деді кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр.

"Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы 10 мыңнан аса халқы бар Майқайың кентіндегі тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған негізгі жүйе құраушы кәсіпорын болып есептеледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар