жұма, 22 қараша, 2024 12:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғыз-тәжік шекарасындағы даулы аймақ азайып келеді

Қырғыз-тәжік шекарасындағы даулы аймақ азайып келеді
gov.kg
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы аймақтың кейбір бөлігі жайлы келісімге келді. Дәлірек айтқанда 1,11 шақырым шекара сызығына байланысты өзара келісті.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша  1,11 шақырым шекара сызығы жайлы келісім 11-18 ақпан күндері талқыланған. Тәжікстанның Соғды облысы Бустон қаласында екі елдің үкіметтік делегациялары шекараға байланысты кездесу өткізді. Нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Жалпы Қырғызстан мен Тәжікстанда шекара  жөнінде келіспеушілік бар. Оның үстіне екі елдің аумағында да анклавтар орналасқан. Екі елдің шекарасының ұзындығы 971 шақырым. Оның 308 шақырымы даулы еді. Дегенмен екі ел былтырдан бері  шекараға қатысты дауды  жедел шешуге кірісті. Айталық,  желтоқсанда 24,1 шақырым шекара сызығын делимитациялауға келіскен. Одан бұрын, қарашада 75,28 шақырымды делимитациялануға уағдаласқан.

 

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар