жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Оппенгеймер" – жеті номинация иегері

"Оппенгеймер" – жеті номинация иегері
Фото: wikipedia.org
Лондонда Британдық кино академияcының BAFTA сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы  BBC жазды.  "Оппенгеймер" ең үлкен жетістікке жетіп, үздік фильм атанды

Лондонда Британдық кино академияcының BAFTA сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы  BBC жазды. 

"Оппенгеймер" ең үлкен жетістікке жетіп, үздік фильм атанды. Үздік фильм ғана емес, үздік ер адам рөлі, үздік режиссер де "Оппенгеймер" қанжығасында кетті. Фильм жеті бірдей  номинацияны жеңіп алды.

«Оппенгеймердің» продюссері – Ноланның әйелі Эмма Томас. Оған мұндай  жүлделі орынды иемдену туралы "үш ұйықтаса түсіне" кірмеген. 

Екінші орынға бес жүлде берілді: ол – "Бақытсыздар" фильмі. Басты рөлді  Эмма Стоун сомдаған. Ол ең үздік әйел бейнесі рөлін жеңіп алды. 

«Мүдделер аймағы» тарихи драмасы үш BAFTA жүлдесін жеңіп алды. Соның ішінде көрнекті британдық фильм үшін жүлде бар.

Ең қызығы, көрермендер арасында ең танымал «Барби» мен «Солтберн» марапатсыз қалды. 

Марапаттау рәсіміне Ұлыбритания киноакадемиясының президенті Уэльс ханзадасы Уильям да қатысты.

Бұдан кейінгі жүлде "Оскар" болары сөзсіз. Онда кімнің бағы жанатыны әзірге белгісіз. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар