жұма, 22 қараша, 2024 8:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жанна Сартбаева Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды

Жанна Сартбаева Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды
Фото: gov.kz
Қазақстанның Финляндиядағы жаңа елшісі болып Азамат Әбдірайымов тағайындалды.

Жанна Сартбаева Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Финляндиядағы жаңа елшісі болып Азамат Әбдірайымов тағайындалды.

2013 жылдан бастап Финляндиядағы Қазақстан Елшілігі - елші мен оның отбасына тұру үшін жағалаудағы үйді жалға алғаны хабарланған болатын. 500 шаршы метрлік үй Эспоо қаласында орналасқан. Бастапқыда ол бес-алты адамнан тұратын дипломаттың отбасына арналған.

Алайда 2019 жылдан бастап үйде елші Жанна Сартбаева тұрып, арзанырақ тұрғын үйде тұрудан бас тартқан.

ҚР СІМ Сартбаевқа тұрғылықты жерін ауыстыру қажеттігі туралы бірнеше рет хабар жолдаған, өйткені үйде жан санына байланысты шаршы метрге белгілі бір шектеу қойылады. Бірақ ол бұл хаттарды елемеген. Ақыры, Қазақстан елшілігі ай сайын 12 мың еуро көлемінде резиденцияны жалға алуды, сондай-ақ үйді күтіп-ұстауға арналған басқа да ірі шығындарды төледі.

Сонымен қатар, Сартбаеваның жалға берушімен және риэлторлармен қарым-қатынасы жақсы болмаған. Зәулім үйдің иесі жалдау ақысы бойынша қарызды өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Кейінірек қазақстандық тарап 60 мың еуро төлеп, қарызды біржолата өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар