"Жынысы көрсетіледі": Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді қолданысқа енгізді
- авторОймақ
- 17 маусым, 2024
- 881
Ішкі істер министрлігі 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады.
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.
Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады.
Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайтыны айтылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сыра зауытының басшысы пара бермек болған
Ұқсас жаңалықтар
Тектіліктің ең маңыздысы – ең қиын жағдайда адамгершілікті сақтай білу – Нұртөре Жүсіп
- авторОймақ
- 4 желтоқсан, 2024