жұма, 22 қараша, 2024 17:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сыра зауытының басшысы пара бермек болған

Сыра зауытының басшысы пара бермек болған
фото: скрин
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

Зауыт басшысы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент спирт зауытында есепке алынбаған 81 тоннадан астам алкоголь өнімін өндірілгенін және сатылғанын анықтады. 

Суррогат алкоголь өнімін дайындау бойынша астыртын қызметпен айналысатын тұлғаларға есепке алынбаған алкогольдік өнімдер сатылды, - делінген хабарламада.

Жасырын алкоголь мереке және демалыс күндері жөнелтілген, бұл этил спиртін сақтау және сату ережелерін бұзады.

Ведомстводағылар сонымен қатар спирт зауытының директоры қалалық департаменттің лауазымды қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен байланысты іс-әрекетіне көз жұма қарауы және қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін бір реттік 20 000 АҚШ доллары және ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде пара ұсынылған, - деп түсіндірді агенттіктегілер.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар