бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынсын деген петиция 50 мың қол жинады

Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынсын деген петиция 50 мың қол жинады
фото ашық дереккөздерден алынды
Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынсын: Елде тағы бір петиция 50 мың қол жинады

Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойындарына тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады. 

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

“Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған” – делінген жазбада. 

Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті. 

Еске салсақ, қазақстандықтар шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар