Меншікті тілші — өңірдің көзі, құлағы һәм тілі
Қазақ журналистикасында меншікті тілші ұғымын кәсіби деңгейге көтерген қаламгерлердің бірі — Ғалымжан Елшібай. Ол журналистикаға ерте келіп, аудандық басылымнан бастап, республикалық газеттерге дейінгі ұзақ та мазмұнды жолдан өтті.


