Ашық есік апталығы қорытындыланды
Бүгін Абай университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» аясындағы апталық өз мәресіне жетті. 23-29 сәуір аралығында өткен ауқымды іс-шараға Алматы қаласы мен облыс аудандарынан мыңға жуық талапкер қатысып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.


