Қызылордада жаттықтырушының жасөспірімді зорлау ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды
Қызылорда облысының прокуратурасы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген жаттықтырушының 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, ол қызметінен былтыр қыркүйекте босатылған.











