Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
- авторОймақ
- 28 мамыр, 2024
- 820
– Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңғаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
- авторОймақ
- 25 қазан, 2025
Меруерт Өтекешова мен Болат Әбділманов "Қазақстанның Халық әртісі" атанды
- авторОймақ
- 24 қазан, 2025






