сенбі, 28 қараша, 2026 16:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Смартфонның орнына шоколад: Ақтөбе тұрғыны құқығын қорғап алды

Смартфонның орнына шоколад: Ақтөбе тұрғыны құқығын қорғап алды
Мамандардың араласуымен тұтынушыға смартфон үшін төлеген 261 078 теңгесі қайтарылды.

Ақтөбе тұрғыны маркетплейс арқылы 261 мың теңгеге смартфон сатып алып, оның орнына шоколад алған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, тұрғын 12 қарашада интернет арқылы сатып алған тауарын тапсырыс беру пунктінен алып кеткен. Десе де зауыттық қаптаманы ашқанда ішінен ұялы телефонның орнына шоколад шыққан.

Осыдан кейін сатып алушы Ақтөбе облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Мамандардың араласуымен тұтынушыға смартфон үшін төлеген 261 078 теңгесі қайтарылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар