сейсенбі, 24 қараша, 2026 9:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада жеті мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызылды

Астанада жеті мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызылды
Астана әкімдігі
Бұл туралы  қала әкімдігінің ресми сайты жария етті.

Астанадағы №12 орта мектепте 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызылды. Бұл туралы  қала әкімдігінің ресми сайты жария етті.

Жобаның авторы – педагог Жарқынәлі Ошаев. Бұған дейін ол көпшілікті қолөнер туындыларымен таңғалдырған. Бұл жолы ұстаз кітаптан ерекше арт-нысан жасап шығарды.

Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

"Мұнараның ерекшелігі – оның ішінде шексіздік әсері пайда болады. Үлкен залдың ортасында орналасқан құрылым сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда ішіне үңілген кезде мұнараның ұшы залдың төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер қалдырады. Бұл оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған", – дейді мұғалімдер.

Осы жобасы арқылы автор кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын жеткізгісі келген. Мұнараның нақты биіктігі – 8 метр.

Жобаны жүзеге асыру барысында қауіпсіздік талаптары толық ескерілген. Ал мұнараны құрастыруға қажетті кітаптарды педагогтер мен оқушылар жинап әкелген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар