Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 облысында қарудың заңсыз айналымына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Іс-шаралар қазан-қараша айларында Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында өткізілді.
Нәтижесінде 45 атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша тәркіленді. Сонымен қатар 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі алынды.
Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
ҰҚК қарудың заңсыз айналымына қарсы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




