Қазақстанда 5 мыңнан астам жазылушысы бар жасырын парақша иелерін тіркеу ұсынылды
- авторОймақ
- Бүгін, 20:07
- 98
Егер олардың 5 мыңнан астам жазылушысы болса, кім екенін анықтауға қажетті деректерін беріп, тіркелуі керек болады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Бұл талап онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасында қарастырылған. Бастапқы нұсқада 5 мыңнан астам жазылушысы бар барлық аккаунтты тіркеу ұсынылған. Кейін депутаттар талапты иесі белгісіз парақшаларға ғана қолдануды ұсынды.
«Депутаттар 5 мыңнан астам жазылушысы бар анонимді аккаунттарға назар аударуды ұсынды. Біз мұнымен келісеміз», – деді министр.
Қырықбаевтың айтуынша, көптеген парақшаның кімге тиесілі екені онсыз да белгілі. Сондықтан ұсыныс авторы белгісіз аккаунттардың иесін анықтауға бағытталған.
Бұл талап әзірге заң жобасы аясында талқыланып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





