Өзгелерге қауіп төндірген "Геландваген" тізгіндегендер жауапқа тартылды
- авторОймақ
- Бүгін, 08:21
- 27
Алматыда екі Mercedes көлігінің жүргізушісі жолда қауіпті маневрлер жасап, өзгелерге қауіп төндірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Олардың әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полиция назарынан тыс қалмады.
Кадрларда екі көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін елемей, қауіпті әрекеттерге барғаны көрінеді.
Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімшесі бейнежазбаға жедел ден қойып, жүргізушілердің кім екенінанықтады. Олар – Алматы қаласының 20 және 23 жастағы тұрғындары.
Тексеру барысында екі жүргізушінің де қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жолда қауіпті маневрлер жасағаны белгілі болды. Осыған байланысты олар әкімшілік жауапқа тартылды.
Полиция әлеуметтік желілерде жарияланған жол ережесін бұзу деректері де тексерілетінін еске салды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Теннисші Жібек Құламбаева жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар
15 қарашада Астана, Алматы және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
- авторОймақ
- 15 қараша, 2026





