Балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат - жалған
- авторОймақ
- Бүгін, 13:13
- 13
Көлік министрлігі автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы желіде тараған мәлімдемелерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Министрлік қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайтынын еске салды.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.
"Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.
Егер ата-анаға балалар арбасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады.
Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген", - деп мәлімдеді Көлік министрлігі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Үш үйірмеге айына 75 мың теңге: Қазақстанда қосымша білім кімге қолжетімді?
- авторОймақ
- 11 қараша, 2026





