сейсенбі, 10 қараша, 2026 15:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сегізінші сынып оқушысының өлімі: анасы жазаны қатаңдатуды сұрап отыр

Сегізінші сынып оқушысының өлімі: анасы жазаны қатаңдатуды сұрап отыр
Qaz365.kz коллажы
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс жасады деген күдікке оның сыныптасы ілінген.

Жетісу облысында қаза тапқан сегізінші сынып оқушысының анасы кәмелетке толмағандар жасаған аса ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды сұрап, Қазақстан Президентіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қаза тапқан оқушы Мұслим Біржанұлының анасы Самал Мұхамадиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.

Еске салайық, қайғылы оқиға Жетісу облысы Сарқан ауданының Алмалы ауылында болған. Сегізінші сынып оқушысы Мұслим Біржанұлы пышақ жарақатынан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс жасады деген күдікке оның сыныптасы ілінген.

Ұлынан айырылған ана аса ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мәселесін көтерді. Ол Мемлекет басшысынан қолданыстағы заңнамаға назар аударып, мұндай қылмыстар үшін жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Марқұмның анасының пікірінше, адам өмірін қиған қылмыс үшін жаза тағайындағанда кінәлінің кәмелетке толмағаны жазаны шамадан тыс жеңілдетуге негіз болмауы тиіс.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар