Ташкентте тамақтан уланып, ауруханаға түскен жас қазақстандық спортшылар емханадан шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 16:05
- 13
Ташкентте тамақтан уланып, ауруханаға түскен барлық жас қазақстандық спортшы емдеу мекемесінен шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жасөспірімдердің жағдайы жақсарғаннан кейін дәрігерлер оларды ауруханадан шығару туралы шешім қабылдаған.
«Біздің елге футбол турниріне қатысу үшін келіп, денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған қазақстандық жас футболшылар отанына аттанды», – делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, 1 қарашада Қарағандыдан Ташкентке Dostlik Cup 2026 халықаралық турниріне барған балалар мен ересектердің уланып қалғаны белгілі болған еді. Олар 31 қазан күні таңғы асқа қуырылған жұмыртқа мен шұжық жеген соң өздерін жайсыз сезінген. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаға құсу, іш өту, іштің ауыруы және дене қызуының көтерілуі белгілерімен барлығы 20 қазақстандық түскен. Барлық науқасқа алдын ала «жедел диарея» диагнозы қойылған болатын.
Осы оқиғаға байланысты 3 қарашада Ташкенттің Чиланзар аудандық прокуратурасы «Санитарлық заңнаманы немесе індетпен күресу ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесіне тапсырылған және қазіргі уақытта қылмыстық іс өндірісте жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада қар жауады: синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады
- авторОймақ
- 5 қараша, 2026






