бейсенбі, 22 қазан, 2026 11:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандық қайтатын болды

Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандық қайтатын болды
Фото: видеодан скрин
Ресейге жұмыс істеуге барып, Украинадағы соғыс аймағына түскен 13 қазақстандық елге қайтуға дайындалып жатыр.

Аталған ақпаратты заңгер Мейірман Шекеев хабарлады. Ол Украинадағы соғыс аймағынан 13 қазақстандықты босатып, елге қайтару жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

“Украинадағы соғысқа қатысуға мәжбүр болған қазақстандық азаматтардың алғашқы 13-і әскери қызметтен босатылды. Енді олардың елге оралуына ешқандай құқықтық кедергі жоқ”, – деп жазды ол.

Шекеев қазақстандықтардың туыстарының алғыс сөзін жариялады.

“Олар азаматтарды елге қайтаруға көмектескені үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне және қолдау көрсеткен барша адамға ризашылығын білдірді”, – делінген жазбада. 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар