сейсенбі, 20 қазан, 2026 12:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды

Таразда көзінен айырылған оқушы ісінен соң жасөспірім 7 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз
Таразда мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде 10-сынып оқушысын ұрып, ауыр жарақаттаған жасөспірім жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Телеарна мәліметінше, Жамбыл облысында мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болған төбелеске қатысты резонансты іс бойынша сот процесі аяқталды. Тергеу мен сот талқылауы жеті айға созылған.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты соққы салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алып, көру қабілетінен толық айырылғанын анықтады.

Сот үкімімен К. есімді жасөспірім кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал зардап шеккен оқушы осы уақытқа дейін жеті рет ота жасатқан. Қазір оның екінші көзінің де көру қабілеті нашарлап барады.

Бұрын дәрігер болуды армандаған жасөспірім қазір күйзеліске түскен. Анасы Зухра Каримова ұлына жасалған әрекетті кешіре алмайтынын айтады. Оның пікірінше, шабуылға бірнеше адам қатысқандықтан, олардың барлығы жауапқа тартылуы керек.

Әрине, мен апелляциялық шағым түсіремін. Әрі қарай да барлық қатысушыны жазалауды талап етемін. Иә, бәрін де. Өйткені бұл топ болып жасалған шабуыл еді. Біз мұны басынан бері айтып келеміз, мұны бәрі біледі. Сондықтан қалғандары да жазалануы керек деп есептеймін, – деді оқушының анасы.

Осы уақытқа дейін үйқамақта болған сотталған жасөспірімді сот залынан қолына кісен салып алып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, ол жылағанымен, кінәсін тек ішінара мойындаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар