Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан наубайханада өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт ғимараттың шатырын шарпыған. Жалын 78 шаршы метр аумақты қамтыды.
Оқиға орнына жеткен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері өртті жедел түрде сөндірді.
Өрт салдарынан 40 жастағы наубайшы зардап шекті. Оның қолын жеңіл күйік шалған. Жұмысшы ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері мен 7 арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Күн +22 градусқа дейін жылынады: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы
- авторОймақ
- 19 қазан, 2026





