Еркін Ғаббасов Пара Азия ойындарында Қазақстанға алғашқы алтынды әкелді
- авторОймақ
- Бүгін, 09:58
- 87
Қазақстандық спортшы пара нысана көздеуден пневматикалық мылтықпен 10 метрден ату сайысында (R1) үздік шықты. Ол финалда 249,1 ұпай жинады.
Күміс медальді 248 ұпаймен Оңтүстік Корея өкілі Пак Джинхо иеленді. Үздік үштікті оның отандасы Ли Джанхо 226 ұпаймен түйіндеді.
Қазақстан қоржынына пара пауэрлифтингтен де жүлде түсті. 41 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тұрсынай Қабыл күміс медаль жеңіп алды. Ол үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, соңғысында 104 келіні көтерді.
Бұл салмақта қытайлық Цуй Чжэ 120 келі нәтижемен чемпион атанды. Индонезиялық Ни Ненгах Видиасих 97 келіні көтеріп, қола жүлдеге ие болды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





