дүйсенбі, 19 қазан, 2026 12:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пара Азия ойындарында Қазақстан атынан 150 спортшы бақ сынайды

Пара Азия ойындарында Қазақстан атынан 150 спортшы бақ сынайды
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Жапонияның Нагоя қаласында басталған V жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан атынан зиятында бұзылысы бар үш спортшы алғаш рет өнер көрсетеді. Олар пара жеңіл атлетика мен пара үстел теннисінен бақ сынайды. Қазақстан осы спорттық кластарда өкілдері бар Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ.

Нагояда ойындардың салтанатты ашылуы өтіп, жарысқа ресми түрде жол ашылды. Жапония бұл бәсекені алғаш рет қабылдап отыр. Ойындарға Азияның 45 елі мен аумағынан спортшылар мен команда өкілдерін қоса алғанда, шамамен төрт мың адам қатысады деп күтілуде.

Қазақстан құрамасында 150 спортшы бар. Олар бағдарламадағы 18 спорт түрінің 12-сінен жүлдеге таласады. Ел спортшылары пара жеңіл атлетика, пара дзюдо, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара велоспорт, пара нысана көздеу, пара садақ ату, пара үстел теннисі, арбадағы теннис, отырып ойнайтын волейбол және боччадан сынға түседі.

Ашылу салтанатында Қазақстан туын Дастан Мұқашбеков пен Аяла Мереке алып шықты. Дастан – 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдегері әрі Пара Азия ойындарының чемпионы. Аяла – пара дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Жарыстар Нагоя қаласы мен Айти префектурасының спорт нысандарында өтеді. Медальдар үшін бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады. Жабылу салтанаты Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар