дүйсенбі, 12 қазан, 2026 14:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді

Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді
Фото: видеодан скриншот
Англиядағы Yorkshire Wildlife Park саябағында жолбарыс ер адамға шабуыл жасап, оны мерт қылды. Қайғылы оқиға 10 қазанда Донкастер қаласының маңында болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам қоршаудан өз бетінше асып өтіп, жыртқыштар орналасқан вольерге кірген. Сол сәтте жолбарыстардың бірі оған шабуыл жасап, ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына полиция мен медицина қызметкерлері жеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол сол жерде көз жұмған.

Қорқыныштың оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғадан кейін саябаққа келген адамдар эвакуацияланып, зообақ уақытша жабылды.

Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, жолбарыстың аты — Алтай, ал қаза тапқан жігіт шамамен 20 жаста болған. Марқұм жолбарыспен бірге суретке түспек болып, қоршаудан асып түскен көрінеді. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар